Жилгельдин Бауыржан Жексенгалиевич

170 место в рейтинге
  • Общий бал: 3,67
  • /
  • Проголосовало: 6

Жетістіктері

«М.Құсайынов» атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаты

2015 жылы оқушылардың математикалық сауаттылығын көтерудің облыстық іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруда белсенділік танытқаны үшін Құрмет грамотасын иеленді. Математика пәні мұғалімдерінің арасында ұйымдастырылған «Математикалық олимпиада-2015» атты облыстық турнирінде терең білімі мен кәсіби шеберлігін танытқаны үшін Бас жүлде дипломымен марапатталды. 2016 жылы Тамыз конференциясында Ақтөбе облысының әкімінің «Жүз мың теңгелік» сертификатын және «Ақтөбе облысындағы ең үздік математика мұғалімі» деген атақты иемденді. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Ақтөбе облысының жалпы білім беретін мектептерінің математика пәні мұғалімдері арасындағы облыстық ON-LINE олимпиадасына қатысып жоғары нәтиже көрсеткені үшін I дәрежелі диплом берілді. Математика пәні мұғалімдерінің арасында ұйымдастырылған «Математикалық регата-2016» атты Қазақстан Республикасы Батыс аймақтық турнирінде терең білімі мен кәсіби шеберлігін танытқаны үшін I дәрежелі дипломмен марапатталды. 2020 жылы Үздік педагог «Қазақстан педагогтар қауымдастығы» ұйымдастырған «Жыл үздіктері-2020 Республикалық байқауында» «Үздік педагог-2020» төсбелгісімен марапатталды.