Раджұлы Әліби Раджұлы

18 место в рейтинге
  • Общий бал: 4,43
  • /
  • Проголосовало: 7
  • Атырау
  • Х.Доспанова атындағы орта мектеп
  • Класс: 7

Жетістіктері

ӨМІРБАЯН
Мен Раджұлы Әліби – «Күш атасы-білімде» екенін таныған, текті әулеттің үмітін арқалаған, парасат-пайымы мен ұстанымы жоғары қазақ елінің ұланымын. 2009 жылдың 17 желтоқсанында Атырау қаласында өнегелі отбасында дүниеге келдім. Ұлағаты мол нағашы атам-әжемнің тәлімді тәрбиесімен өстім. Нағашы атам Ақылбай көзі тірісінде Ішкі істер департаментінде 25 жылдан астам беделді қызмет етті. Нағашы әжем Бисембаева Гафура- «Лучшие люди Казахстана» атты жинаққа шыққан танымал жеке кәсіпкер, өзгелерге үлгі боларлық парасатты жан. Ал әкем, биік болмысты Темиргалиев Радж-мал шаруашылығымен айналасатын еңбекқор азамат. Шуағы мен шарапаты мол, мейірімді анам Акылбаева Гульназ-бүгінде 5 баланың тәрбиесімен айналысып жүрген ғазиз ана. Мен жанұяның үкілеген үміті мен көзқуанышы, жанашыр аға-әпкелерімнің сүйікті бауырымын.
3 жастан бастап «Fastrackids» бағдарламасы бойынша білім алып, содан кейін мектепалды даярлық үйірмесіне бардым. «Оқу-білім азығы, білім-ырыс қазығы» деп ұранды ұстанып, қазіргі кезде «Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «Хиуаз Доспанова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, ғажайып білім әлеміне ендім. Бүгінгі күні 7 «А» сыныбында білім көкжиегін бағындырудамын. Мектептің үздік әрі белсенді оқушысымын. Күні бүгінге дейін мектепішілік, қалалық, облыстық тіпті республикалық сайыстар мен олимпиадаларға қатынасып, дипломдармен марапатталып, жүлделі орындарды қанжығаға иеленіп келемін. Басқатырғыш есептерді шығарып, сурет салуды, тарихи кітаптарды оқығанды жақсы көремін әрі қазіргі күнде компьютер арқылы түрлі бағдарламаларды зерттеп, лего құрастырумен айналысамын. Заман талабына сай бірнеше әлем тілдерін игеріп келемін.
Өз болашағымды Отан қорғау саласымен байланыстырамын. Білім биігін бағындырып, тәуелсіз Қазақстанның мұнан әрі дамуына сүбелі үлес қосуды парыз деп санаймын.

Дипломдары мен мақтау қағаздары