Жакипова Шынар Абубакирқызы

177 место в рейтинге
  • Общий бал: 3,67
  • /
  • Проголосовало: 3
  • Алматы
  • Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университ
  • Еңбек өтілі: более 5 лет

Жетістіктері

https://sites.google.com/view/zhakipovashynar - сайт
Ұлты: қазақ
Білімі: жоғары
Лауазымы, қызмет орны: «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті»,
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» кафедрасының оқытушысы
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: педагогика ғылымдарының магистрі
Педагогикалық жұмыс өтілі: 14 жыл

Жакипова Шынар Абубакирқызы 2007 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің физика-математика факультетінде оқуын тәмамдап, «Физика және информатика мұғалімі» біліктілігіне ие болды.
2009–2011 жылдары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің, физика-математика факультетінде магистрлік оқуын аяқтайды, нәтижесінде «Педагогика ғылымдарының магистрі» дәрежесі берілді.
Жакипова Шынар Абубакирқызы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де 2008 жылдан бастап «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасында оқытушылық қызмет атқарады.
Ол ҚазҰМУ-нің барлық факультеттердің 1-курс студенттері үшін «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» пәнінен қазақ және орыс тілдерінде, 2018 жылдан бастап ағылшын тілінде практикалық сабақтар жүргізеді.
Жүйелі түрде мамандығы бойынша білімін жетілдіру курстарынан өтеді.
2015 жылдың қазан айында Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде, «Білім және ғылыми медициналық мекемелердің оқытушысы» тақырыбы бойынша «Педагогика» бағытында 108 сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтті;
2018 жылдың мамыр-маусым айлары аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» мамандығы бойынша 144 сағат көлемінде толық курсты аяқтады.
Жакипова Ш.А. 15-тен астам халықаралық, республикалық, ғылыми-практикалық конференция материалдарында жарық көрген ғылыми - әдістемелік еңбектердің авторы.
Университет және кафедра көлемінде өткізілетін қоғамдық шараларға белсене араласады. Кафедрада бекітілген тәрбие жұмыстары жоспарына сәйкес тәрбиелік жұмыстар жүргізеді.
Жакипова Ш.А. университетте жұмыс істеу кезеңінде өз ісіне жауапты, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, мәдени тағылымы жоғары, кәсіби білім деңгейін жоғарылатып жүретін, адал қызметкер ретінде танылды. Кафедра ұжымы мен студенттер арасында сыйлы және беделді.

Дипломдары мен мақтау қағаздары