Турлыбекова Раушан Ерсаиновна

193 место в рейтинге
  • Общий бал: 3,6
  • /
  • Проголосовало: 5

Жетістіктері

Алматы қаласы О.Жандосов атындағы №105 гимназия
Еңбек өтілі 20 жыл. Жоғары санатты педагог
ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері. Аудандық «Қазақ тілінің ең үздік мұғалімі» байқауында І орын иеленді. Кәсіби қазақ тілі – оқу құралының және қазақ тілінің практикалық курсы бағдарламасы бойынша деңгейлік-тақырыптық сабақ жоспарларының үлгілері (6 кредиттік инновациялық технологияға негізделген жоғары оқу орындарының өзгетілді аудиторияларына арналған) – оқу құралының авторы. «Мәңгілік ел ұстаздары» III Республикалық «Мәңгілік ел ұстаздары» атты тәжірибелі, білікті білім саласының қызметкерлерінің антология жинағына енді. ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында орыс тілінде оқытатын мектептердің қазақ тілі мұғалімдері арасында өткен «Тіл мерейі» қалалық байқауы, Алғыс хат иегері. Қазақ тілі пәнінен аудандық олимпиадада әділқазы мүшесі қызметін атқарғаны үшін және Тәуелсіз Қазақстанның жеткіншек ұрпақтарын оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін ауданыдық білім бөлімінің мадақтамасын алды. Қазақ тілінен басқа тілде оқытатын 11 жылдық жалпы білім беретін мектептің 1-11 сыныптарына арналған «Көкжиек-горизонт» баспасының «Қазақ тілі» пәнінің деңгейлік оқулықтары мен оқу әдістемелік кешендерін апробациядан өткізуге белсене қатысқаны үшін, «Көкжиек-горизонт» баспасының Мадақтамасы. Қалалық семинарда «Қазақ тілі сабағында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында баяндама жасады. «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсында жоғары көрсеткішке қол жеткізгені үшін, «Өрлеу» «БАҰО» АҚҰ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Құрмет грамотасын алды. Оқу-әдістемелік, ғылыми тақырыптары бойынша 20-дан астам мақалалары республикалық, халықаралық конференцияларды жарияланды.