Баетова Сабира Сагатовна

187 место в рейтинге
  • Общий бал: 3,62
  • /
  • Проголосовало: 8

Жетістіктері

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі

КИО атты мұғалімдердің Республикалық қашықтық олимпиадасында «Қазақстан тарихы: Рухани жаңғыру» I дәрежелі дипломмен марапатталып, өзінің білім сапасының жоғары екенін байқатты. Қазақстан тарихынан өткен мұғалімдер олимпидасында II дәрежелі диплом алып, өзінің жан-жақты, кәсіби білікті маман екенін көрсетті. Адам. Қоғам. Құқық пәнінен III дәрежелі дипломның, Мұғалімдердің Республикалық қашықтық олимпиадасында I дәрежелі дипломның иегері атанып, жас та болса өзінің мамандығына зор жауапкершілікпен қарайтындығын көрсетті. Мұғалімдердің қалалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында I орынды иеленіп, облыстық кезеңінде I дәрежелі диплом табысталды. Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының аймақтық кезеңінде I дәрежелі диплом иегері атанып, абырой биігінен көрінді.