Ең қымбат жазушы


01.11.2019, 14:44

«Forbes» журналының нұсқасы бойынша Гарри Поттер жайлы кітаптың авторы Джоан Роулинг қымбат жазушылар тізімінің көшін бастады.

Рейтинг 2017 жылдың қорытындысы бойынша жарияланды. Журнал таратқан мәліметтерге қарағанда, Роулинг 2016 жылдың  маусым айынан бастап 95 миллион доллар табыс тауып, өткен жылы осы рейтингтің басында тұрған Джеймс Паттерсонды басып озды. Айта кетейік, Роулингтің жас сиқыршы туралы алғашқы романы 1997 жылы жарық көрген болатын. Одан кейін тағы алты кітап шығарды. Ол 1999 жылдан бері аталған журналдың қымбат жазушылар рейтингісінің көшін үш рет бастаған болатын. Қазақстан қаламгерлері де мемлекеттен қолдау күтпей, шығармашылық әлеуетін бизнеске айналдырғаны абзал.