Асылбеков Есбол Сенбекович

459 место в рейтинге
  • Общий бал: 3
  • /
  • Проголосовало: 4
  • Шымкент
  • Х.А.Яссауи атындағы МКТУ
  • Еңбек өтілі: более 5 лет

Жетістіктері

Мен Асылбеков Есбол Сенбекұлы 1978 жылы 5 желтоқсанда ОҚО Шардара ауданы Көксу ауылында дүниеге келдім. 1985-1995 жылдар аралығында С.Ерубаев атындағы Көксу ауылдық орта мектебінде білім алдым.
1996-2001 жылдары Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «Әлем тарихы» мамандығы бойынша бітіріп шықтым.
2002-2005 жылдары М.Әуезов атындағы ОҚМУ-де «Тарих» мамандығы бойынша магистратураны бітірдім.
Еңбек жолымды 1996-2001 жылдары ОҚО Шардара ауданы Көксу ауылындағы Т.Айбергенов атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарудан бастадым.
2003-2007 жылдары Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінде тарих пәнінің оқытушысы, декан орынбасары, декан, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқардым.
2007-2008 жылдары Шымкент қаласындағы Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетінде күндізгі бөлімнің декан орынбасары қызметін,
2008-2014 жылдары Шымкент университетінің «Майлыкент» колледжінде тарих, философия пәндерінің оқытушысы қызметтерін атқардым.
Жетістіктерім: 2007 жылы қараша-желтоқсан айларында Алматы қаласы Сүлеймен Демирел атындағы университетінде «Қазақстан тарихшылары қауымдастығы» ұйымдастырған «Қазақстан тарихы»пәні бойынша жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін жетілдіру курсына «Отан тарихын оқытудағы инновациялық технологиялар, Қазақстан тарихы пәнін кредиттік жүйе бойынша оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында 10 күндік оқуға қатысып, сертификат иелендім және Қазақстан тарихшылары қауымдастығына мүше болдым. 2007 жылы Абай Құнанбаев атындағы Алматы мемлекеттік университетінің
«Қазақстан тарихы» қафедрасында кандидаттық диссертация тақырыбым мен ғылыми жетекші бекітілді.
2005 және 2008 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «ХАБАРШЫ» тарих сериясында,2005 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «ХАБАРШЫ» ғылыми журналында мақалаларым жарық көрді.
2018 жылы қараша айында Шымкент қаласының Білім басқармасы ұйымдастырған «Рухани жаңғыру-ұлттық өрлеудің ұлы күші» тақырыбында қалалық жас тарихшылардың ғылыми-практикалық конференциясында ІІ дәрежелі дипломмен 10 сынып оқушысы Примжарова Дина,жетекшісі Асылбеков Есбол марапатталды.
2019 жылы қаңтар айында Республикалық ғылыми-танымдық «Білім айнасы» газетінің редакциясы ұйымдастырған семинар - тренингке қатысып, Сертификат иелендім.
2015 жылдың көктем айынан бастап денсаулығына байланысты жұмыс істеуге мүмкіншілігім болмады. Мен созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен (ХПН) ауырып, 2015 жылы маусым айынан бастап Гемодиализ апаратына аптасына 3 рет 2017 жылдың 29 қыркүйегіне дейін қабылдадым .2015-2017 жылдары маған І-топ мүгедектігі берілді.2017 жылы 29 қыркүйек күні донор бүйрек табылып, Шымкент қаласындағы № 2 жедел-жәрдем ауруханасында бүйрек ауыстырдым.Содан кейін ІІ-топ мүгедектігін берді. 2018-2019 оқу жылы «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Жылдың үздік жүз тарихшысы» республикалық байқауының жеңімпазы арнайы диплом төсбелгісімен»,Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Ы.Алтынсарин»,»Білім беру ісіне еңбегі сіңген», арнайы диплом төсбелгілерімен,Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының ұйымдастыруымен өткен «Үздік ұстаз» төсбелгісі, арнайы дипломмен марапатталдым. Міне өмірімнің осы қиын да қызықты кезеңдерін бастан кешіріп,қазіргі таңда 2018 жылдың 26 қыркүйегінен бастап Шымкент қаласындағы А.П.Чехов атындағы № 21 жалпы орта мектепте тарих пәні мұғалімі болып жұмыс атқарудамын.

Дипломдары мен мақтау қағаздары