Жарылкапова Гульзира Елмурзаевна
- Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
- № 170 мектеп
- Стаж работы: более 5 лет
Достижения
2013 жыл.Облыстық «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтының ұйымдастырылған «Білім беру жүйесіндегі психологиялық – педагогикалық мәселелер: ізденістер, тәжірибе, шешімдер» тақырыбындағы республикалық ғылыми – практикалық конференция материалдары жинағына «Өтпелі кезеңдегі жасөспірімдерде кездесетін ауытқушылық түрлері» атты баяндамам жарияланды.
2013 жылы Арнаулы білім беру қызметкерлерінің облыстық семинарында «Өнерлі ұрпақ ел болашағы» атты мүмкіндігі шектеулі балалардың қолөнер көрме байқауында ІІ орын иеленіп, Мақтау қағазымен марапатталды.
2013 жылы Республикалық «Жолашар» акциясында даму мүмкіншілігі шектеулі балалар арасында өткізілген «Біз жарқын болашақты қалаймыз» атты жас суретшілер сайысында Мақтау қағазымен марапатталды.
2013 жыл, қараша. Астана қаласы оқыту және дамыту орталығының «Ұлағатты ұстаз» атты Республикалық оқытушылар конкурсында «Бастауыш сынып оқушыларының сабақтан тыс жұмыстар бағдарламасы номинациясында » І орын иеленіп, Дипломмен марапатталды.
2016 жыл, сәуір. Аудандық «Ең үздік педагог – психолог кабинеті» сайысына қатысып, Алғыс хат иеленді.
2017 жыл, қаңтар. Аудандық шығармашылықпен жұмыс жасайтын жоғары санатты мұғалімдердің озық іс – тәжірибелерін насихаттау мақсатында өткізілген «Ашық сабақтар шеруінде» жоғары деңгейде сабақ көрсетіп, шығармашылығымен ерекшеленгені үшін Аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.
2017 жыл, сәуір. «Үздік педагог – психолог кабинеті - 2017» Облыстық , аудандық сайыстарында ІІ орын алып, Дипломмен марапатталды.
2018 жыл,ақпан. Республикалық «Дарын» ғылыми – практикалық орталығының ұйымдастырған психологтарға арналған олимпиадада І орын иеленіп, Дипломмен марапатталды. Сертификат алды.
2018 жыл, наурыз. Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «ВІ – Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивальінде қатысқаны үшін Дипломмен марапатталды.